Жүгіру жолы • «Алматы облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «№3 балабақша» МКҚК
Кіру
AA+
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «№3 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Жүгіру жолы • «Алматы облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «№3 балабақша» МКҚК
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «№3 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/ds3tekeli.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

"Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі" ММ "№3 бөбекжай-балабақшасы" МКҚК 2023 жылдың 10 ақпаннан 21 ақпанға дейін төменде көрсетілген бос лауазымдарға байқау жариялайды. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі (1 қазақ тобына)

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне мынадай құжаттарды береді:

 1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

 6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеу сертификаты;

10) Блім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады.

Лауазымдық міндеттері:

 балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу

мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;

 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке

дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу

қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;

 режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күн ішінде тамақ

ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек,

эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты,

сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны

құрады) басқарады;

 балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;

 дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға

көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын,

оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру

қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;

 қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;

 мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім

беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді

жүзеге асырады;

 мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар

әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді;

 мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және

әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;

 отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді

зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;

 мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша

ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.

  1. Білуге тиіс:

 Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім

туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

" заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен

перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

 мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұны мен

құрылымы;

 педагогикалық этиканың нормалары;

 психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек

көрсету ережелері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, санитариялық

ережелер;

 мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі

нормативтік-құқықтық құжаттар;

 еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті

қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

  1. Біліктілікке қойылатын талаптар:

 "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе)

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім

немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық

және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын

құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

 және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйым

тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор және педагог-сарапшы

үшін кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 3 жыл, педагог-шебер үшін - 5

жыл;

 және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның

тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог

– сарапшы үшін - кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.
Меке жайы: Қазақстан көшесі, 20
Байланыс телефоны: 8 (72835) 4-20-04